Петропавлға көп мөлшерде су келе жатыр. Жергілікті жердегі жағдай қандай?
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты жағдай ауыр деген ақпарат тарады. Петропавлға қарай көп мөлшерде су ағып келе жатыр, тағы 219 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Кейбір ауылдардың электр желісін мұз қиып, жарық өшкен. Облыстағы Сергеев су қоймасы 170 пайыз суға толды.