Полицейдің өлер алдындағы хаты. Ол бастығын неге кіналаған?
Түркістан облысы Ордабасы ауданында суицид жасап қаза болған полиция қызметкері бастығын кіналап, хат қалдырған. 12 наурызда болған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Азаттық өткен апта сауал жолдағанына қарамастан, облыстық полиция департаменті ақпарат бермей отыр.