Адамның түрлі қасиетін анықтауға арналған 100 сұрақ
Адамның түрлі қасиетін анықтауға арналған 100 сұрақ Компанияға жаңа қызметкер қабылдағанда оның кәсіби білігінен бөлек soft skills-ын (алғырлығын) анықтау керек. Soft skills — кандидаттың тұлғалық қасиеттері. Мысалы тіл табыса білу, командамен жұмыс істеу, тайм-менеджмент, креатив. Soft skills сұрақтарына "дұрыс" немесе "бұрыс" жауап беру мүмкін емес, бірақ мұндай қасиеттерді анықтап алмаса, болашақта жұмысшылардың өзара тіл табысуына, команданың бірлігіне әсер етеді. Назарыңызға адамның түрлі қасиетін анықтауға арналған 100 сұрақты ұсынамыз.
Компанияға жаңа қызметкер қабылдағанда оның кәсіби білігінен бөлек soft skills-ын (алғырлығын) анықтау керек.
Soft skills — кандидаттың тұлғалық қасиеттері. Мысалы тіл табыса білу, командамен жұмыс істеу, тайм-менеджмент, креатив. Soft skills сұрақтарына "дұрыс" немесе "бұрыс" жауап беру мүмкін емес, бірақ мұндай қасиеттерді анықтап алмаса, болашақта жұмысшылардың өзара тіл табысуына, команданың бірлігіне әсер етеді. Назарыңызға адамның түрлі қасиетін анықтауға арналған 100 сұрақты ұсынамыз.
Коммуникация қабілеті
1. Гравитация құбылысын 6 жастағы балаға қалай түсіндірер едіңіз?
2. 80 жастағы әжеңізге табысты қандай жолмен табатыныңызда қалай түсіндіріп бере аласыз?
3. Өз өніміңізді маған 5 сөйлеммен сатып көріңіз
4. Әріптесіңіз сіздің жұмыстағы жетістіктеріңізді көптің алдында айтып,...