Сәтпаевта қала күні қарсаңында 70 мыңыншы тұрғын дүниеге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәтпаевта қала күні аталып өтті. Көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды. Қала күні қарсаңында осы жылдың мыңыншы сәбиі дүниеге келді, ал мерекеге дейін 70 мыңыншы сәтбаевтық тұрғын туды. Бүгінгі күні қала халқы 70 121 адамды құрайды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.