Жетісулықтар Наурызды кең көлемде атап өтті
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Бүгін Жетісу облысында «Әз Наурыз – игіліктер бастауы!» атауымен Наурыз мерекесі өткізілуде. Осы күні Талдықорғандағы «Жастар» саябағы маңында этно-ауыл тігіліп, онда салт-дәстүр көрсетелді, спорттық жарыстар, қолөнер көрмелері, ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі сияқты көптеген іс-шара ұйымдастырылды.