Астанадағы рейд: вейп пен насыбай әуесқойлары жауапкершілікке тартылуда
АСТАНА. KAZINFORM – Елорданың барлық ауданында 18 наурыздан бастап вейп пен насвайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралардың 2 аптасында 700-ден астам сауда нүктелері тексерілді, шекпейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын сатудың 150-ге жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.