Су тасқыны: Орынбордағы Ирикла су қоймасынан секундына 1600 текше метр су жіберіліп жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM — Орынбор облысындағы Ирикла су қоймасынан секундына 1600 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының басшысы Рауан Хұсайыновқа Төменгі Еділ бассейндік су басқармасы Орынбор облысы бойынша су ресурстары бөлімінің бастығы Сергей Ридель мәлім етті.