Балқашта видеобақылау камералары арқылы 40-тан астам қылмыс әшкереленді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин Балқаш қаласының тұрғындарымен жыл сайынғы есеп беру кездесуін өткізді. Өңірдің бас полицейі жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тәртіп сақшылары жұмыстарының есебін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.