Санкт-Петербургте Əлихан Бөкейхановқа естелік тақта орнатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратына Алаш көсемі Əлихан Бөкейхановқа естелік тақта орнатылатын болды. Бұл туралы алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.