"Реал" Чемпиондар лигасын ұтты
Футболдан Киевте өткен Чемпиондар лигасының финалында испаниялық "Реал Мадрид" командасы Англияның "Ливерпуль" клубын 3:1 есебімен жеңді. "Реал" сапынан Карим Бензема бір, Гарет Бэйл екі гол салса, "Ливерпуль" сапынан Сидио Мане бір голдың авторы атанды. "Реал" үш жыл қатарынан (2016-2018) Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Мадридтік клуб - Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұтқан алғашқы команда. "Ливерпуль" соңғы рет бұл жарысты 2005 жылы жеңген. Ал 2007 жылы финалда ойнап, италиялық "Милан" командасынан жеңілген. Читать дальше...