Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2023

Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезіндегі "азаптау" бойынша істе жәбірленуші деп танылды

0
Қаңтар оқиғасы кезінде "қылмыстық топ құрды" деп айыпталып, қамалған Арман Жұмагелдиев ("Дикий Арман" деген лақап атпен де мәлім – ред.) Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлеріне қарсы "азаптау" бабы бойынша істің қозғалуына қол жеткізді. Бұл жөнінде Orda.kz сайты хабарлады.


Адвокаты Олег Черновтың айтуынша, іс бойынша Алматы полиция департаментінің қызметкерлері күдікті деп танылған.


Оның сөзінше, азаптау бойынша тергеуді бастауға 2022 жылғы 7 қаңтарда "Ритц Карлтон" қонақүйінің қауіпсіздік қызметі түсірген Жұмагелдиевті ұстау видеосы себеп болған. Черновтың сөзінше, видеода арнайы жасақ Жұмагелдиевті қатыгездікпен ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Видеоны қонақүйдің қауіпсіздік мамандары түсірген.


"Видеожазбаны менің қорғауымдағы азамат айыпталушы ретінде өтіп отырған қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқан кезде көріп қалдық. Бұрын ондай видео барын білген жоқпыз. Бірақ Арман ұстау кезінде ешқандай негіз болмаса да, өзін аяусыз ұрып-соққанын айтқан. Полицейлердің озбырлығына дәлелді жуырда ғана алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтініш түсірдік" деді Чернов.


Адвокаттың айтуынша, Жұмагелдиевтің азапталуына қатысты іс былтыр көктемде тергелгенімен, "дәлел болмағандықтан" жабылып қалған. Қайта шағымданып жатып, "азаптау" бабы бойынша тергеу жүргізілуіне қол жеткізген.


Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.


37 жастағы Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда қамауға алынған. Оған "заңсыз қару сақтады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық етті" және "қарақшылықпен шұғылданды" деген айыптар тағылған. Жұмагелдиев бұл айыптарды мойындамайды.






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России