Аралас жекпе-жек: Мәскеуде қазақ жігіті тағы бір бразилиялықты сабап тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 85 турнирінде ресейлік қазақ жігіті, орынборлық Дамир Исмағұлов жеңіл салмақта бразилиялық қарсыласы Рожерио Матиас да Консейсаоны үш раунд бойы соққының астына алып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.