Сириядағы "Ресей жалдамалылары" туралы жазған журналист көз жұмды
Екатеринбургте Сирияда "Вагнер жеке әскери компаниясының" жалдамалы сарбаздары қаза тапқаны туралы алғаш болып хабарлаған журналист Максим Бородин қайтыс болды. "МБХ Медиа" сайтының хабарлауынша, журналист терезеден құлап, есін жимастан көз жұмған. 13 сәуір күні Бородиннің бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені хабарланған еді. Ол ауыр жараланып, комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Бородин жұмыс істеген РИА "Новый день" агенттігінің бас редакторы Полина Румянцева журналист өліміне... Читать дальше...