Ертіс пен Іле суын бөлу туралы Қытаймен келісім әзірленуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертіс пен Іле өзендерінің суын бөлу туралы ҚХР-мен келісім жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжілісте трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.