Путин Ресей президенті әкімшілігінің өкілетін кеңейтті
Ресей президенті әкімшілігі бұдан былай Мемлекеттік думаға ұсынуға заң әзірлеп ғана қоймай, төменгі палата қабылдаған заң жобасына түзетулер енгізу құқығын иеленеді. Президент Владимир Путиннің 14 маусым күні президент әкімшілігінің құзыретін кеңейту туралы "Ресей Федерациясы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде" жарлық шығарды. Құжатта сонымен бірге "әкімшілік патриоттық тәрбие беру саласында негізгі мемлекеттік саясат бағыттарымен айналысады" делінген. Жарлық қол қойған күні күшіне енді. Читать дальше...