Ярославль түрмесіндегі азаптауға күдікті тағы бір адам ұсталды
Ресейдің Ярославль қаласында жергілікті колониядағы азаптау туралы іс бойынша сегізінші күдікті ұсталған. Бұл жолы колонияда қауіпсіздік бөлімінің инспекторы болып істеген Руслан Цветков ұсталған. Бүгін сот оған бұлтартпау шарасын тағайындауы тиіс деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Бұған дейін Ярославльдегі №1 колонияның алты қызметкері азаптау туралы іске қатысты күдікпен тұтқындалып, тергеу абақтысына қамалған. Және бір күдікті – колония бастығының орынбасары Иван Калашниковты үйқамаққа алынған.... Читать дальше...