Фердаусиде орамал таққан оқушы қыздарды мектепке әлі кіргізбей тұр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Фердауси ауылында 5 қыркүйек күні таңертең ондаған оқушы қыз орамал тағып келгені үшін мектепке кіре алмай тұр. Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, мектеп қақпасының алдында қыздарының мектепке кіргізілуін талап етіп 20 шақты ата-ана жиналды. Мектепті полиция қызметкерлері күзетіп тұр. Фердауси атындағы жалпы білім беретін мектепте орамал тартатын оқушы қыздардың сабаққа кіре алмай жүргеніне осымен үшінші күн болды. Мектеп басшылығы мен жергілікті билік... Читать дальше...