Назарбаев полицейлер санын қысқартуды тапсырды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ішкі істер органдарының жай-күйі қоғам талабына толық жауап бере алмайтынын мәлімдеді. Ақорда ресми сайтының хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы Астанада ішкі істер органдарының қызметін модернизациялау мәселелері бойынша өткен жиында айтты. - Ішкі істер органдарының қызметі қоғам үмітін ақтамай отыр. Халық өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Бұлай болса қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарта алмаймыз. Сондықтан біз дереу полицияны реформалауға кірісуіміз керек, - деді Назарбаев. Читать дальше...