Нетаньяху: Сирияны зымыранмен атқылағанымыз рас
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз елінің соңғы күндері Сирия аумағындағы нысандарды атқылағанын растады. "Соңғы 36 сағат ішінде әскери әуе күштері Дамаск халықаралық әуежайындағы Иран қаруы сақталған қоймаларды атқылады" деп мәлімдеді ол. Израиль әскери ұшақтары Дамаск қаласына бірнеше зымыран атқанын Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары 11 қаңтар кешке хабарлаған. SANA агенттігінің мәліметі бойынша, зымырандардың көбісі атып түсірілген, бірақ бір зымыран Дамаск әуежайындағы қоймаға түскен. Читать дальше...