17 маусымда Қостанай қаласындағы әкімдік ғимараты маңындағы алаңда жалғыз адамдық пикет өткізген студент Мәди Әбдірахмановты полиция үш сағаттай ұстап, босатқан. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне Мәди Әбдірахманов айтты.
- Үш сағатқа жетпей босатты. Сондықтан хаттама толтырмай, жібере салды (Полиция үш сағаттан артық ұстаса, хаттама толтыруы тиіс - ред.). Не үшін, қалай, қандай мақсатпен шыққанымды сұрады. Пикет тыныш өтті. Ешкімді оқудан шығарған жоқ, қызметтен кетірген жоқ, - деді студент телефон арқылы. Читать дальше...