Донецк сепаратистері Азаттық авторын 15 жылға түрмеге қамады
Өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» соты Украина журналисі Станислав Асеевті 15 жылға қатаң режимдегі колонияға қамау жөнінде үкім шығарды. Бұл ақпаратты сепаратистер бақылайтын аумақтағы Донецк жаңалықтар агенттігі таратты. Сепаратистердің жоғары соты бұл үкімді тамыз айында шығарған. Журналист сепаратистік республиканың «аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге шақырды», «тыңшылық жасады», «экстремизммен шұғылданды» деп айыпталған. Асеев – Азаттық радиосы Украин қызметінің штаттан тыс авторы. Читать дальше...