Бағлан Құлтаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып сайланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАгро» холдингі «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК) АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы қызметіне Бағлан Құлтаев сайланды. Бұған дейін ол корпорацияның басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарған. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз хатшысы Дамир Аспан Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.