Оралдық белсенді Аслан Сагутдинов үш тәулікке қамалды
Орал соты жергілікті белсенді Аслан Сагутдиновті “шағын бұзақылық жасады” деп айыптап, үш тәулікке қамады. Сот отырысы коронавирусқа байланысты жарияланған карантинге орай 8 сәуірде онлайн-режимде өтті. Белсендінің үстінен әкімдік қаржыландыратын “Пульс города” басылымының қызметкері Дана Дүйсекенова арызданған. Сагутдиновтің адвокаты Мереке Ғабдулиевтің сөзінше, прокурор белсендіні он тәулікке қамауды сұраған. — Сагутдинов Дана Дүйсекенованы көлік жүргізушілердің наразылық шарасы кезінде балағаттаған. Читать дальше...