Қазақстанда науқастар саны 33 адамға өсті. Елде 1232 адамнан вирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 14 сәуір 23.20-дағы мәліметіне сай, елде тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Олардың басым бөлігі - Нұр-Сұлтан (14 адам), Алматы, (8 адам) және Атырауда (6 адам). Қалғандары Қызылорда облысы (2 адам), БҚО, Павлодар облысы, Ақтөбе облысында (бір-бір адам). 14 сәуірде елде 141 адамнан вирус табылды. Бұған дейін Қазақстанда бір күнде мұнша адамнан вирус анықталмаған. Қазақстанда қазір 1232 адамнан коронавирус анықталды. 203 адам дерттен айықты. 14 адам қайтыс болды. Читать дальше...