"Мемлекеттік құпияны ашты" деп сотталған ҰҚК-ның экс басшысы Дүтбаев түрмеден босады
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев бүгін, 18 маусымда шартты түрде бостандыққа шықты. Бұл туралы Азаттыққа жағдаймен таныс дереккөз айтты. Ақпаратты ШҚО қылмыстық атқару жүйесі департаменті растады. Дүтбаев отырған ШҚО Жарма ауданы Шуақ кентіндегі ОВ-156/17 түрмесіндегілер “ол 18 маусымда сот шешімі күшіне енген соң бостандыққа шығып, Алматыға кетуі тиіс болған” деді. Дүтбаевтың шартты түрде босап шығуының себебі айтылмады. Нартай Дүтбаев ҰҚК-ны 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанына дейін басқарды. Читать дальше...