АҚШ-тың Калифорния штатындағы атыс кезінде екі адам мерт болды
САКРАМЕНТО. ҚазАқпарат – Калифорния штаты Ред-Блафф қаласындағы Walmart сауда желісінің сұрыптау орталықтарының бірінде атыс болып, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, төрт адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.