Сапарбаев Тараздағы қоғамдық көліктерді электронды билеттендіру жұмыстарын сынға алды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін енгізу жұмыстарын сынға алды. Бұған қала тұрғындарынан түскен толассыз шағымдар себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.