Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкеніндегі өрт сөндірілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодардағы «Ласточка» көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.