Жұт
Есімім — Тынышбек, — деп бастады сөзін үні қарлығыңқы, шашын кірпі етіп тараған, ат жақты, бет пішіні кавказ халқына келетін, қоңқақ мұрын, қалың қасты, қара сұр, қазықтай қатқан жігіт, — ата-анам атымды қойғанда, бәлкім, жер бетінде соғыс болмасын, тыныштық орнасын деп ырым ғып ниет еткен шығар-ау. Өзім соғыстан кейін туған перзентпін.