Өз еркіммен жындыханаға жатуды үнемі армандайтынмын. Не сиқыры бар екенін кім білсін, қалыпты қоғамнан тысқары күн кешіп, қалыпсыз санамен әлемдегі құбылыстарды қабылдайтын сол бейбақтарға қатты қызығатынмын. Солардың өмірін өлердей қызғанатынмын. Мұндай аңсардың жан дүниемде қашан пайда болып, күллі болмысымды қашан жаулап алғанын білмеймін. Кейде соның жауабын тапқандай болып, осы тақырыпта өзім көп оқитын әдеби кітаптардың әсерінен шығар деп түсінетінмін. Бір анығы бойымнан жындыларға тән оғаш қылық, не болмаса іс-әрекеттер байқалмайды. Читать дальше...