Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды
Ресейде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный мен өзге "саяси тұтқындарды" қолдап, әлеуметтік желіде видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды. Мәскеудің оңтүстік-батысынан 460 шақырым жердегі Курск қаласының полициясында істеген Руслан Агибалов 22 қаңтарда Youtube желісінде видео жариялағаннан соң бір сағат өтпей жатып "абыройсыз қылығы үшін" жұмыстан шығарылған. Шамамен 30 мың рет көрілген видеода Агибалов елде билікті сынағандардың қатаң қудаланып жатқанын алға тартып, балаларының болашағына алаңдайтынын жеткізген. Читать дальше...