Қарағанды облысында өзгенің малын 174 млн теңгеге сатып жіберген бақташылар ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Шет ауданының екі тұрғыны 174 миллион теңгеге алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Олар өздеріне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген. Аталлмыш іс бойынша барлығы 50-ден астам жәбірленуші тыңдалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.