Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Жеңіс мерекесінің 76 жылдығына орай Алматы облысында Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 млн теңгеден бір реттік материалдық көмек беріледі. Ол үшін облыстық бюджеттен 41 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.