Қытайдағы нөсер жаңбыр: 70 мың адам қауіпті аймақта қалды
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Орталық Қытайдың Хунань провинциясында 70 мыңнан астам адам қатты нөсер жаңбыр мен ірі су тасқыны пайда болу қаупі салдарынан қауіпті аймақта қалып қойды. Бұл туралы сенбі күні Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.