Нұр-Сұлтан соты Кіші Талдыкөлді қорғап, перфоманс өткізген суретші Асхат Ахмедияровқа айыппұл салды
15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан әкімшілік соты суретші Асхат Ахмедияровты "полицияға бағынбады", "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыптап, оған 14 мың теңге (33 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды. Сот Есіл аудандық полиция басқармасында өтті. Асхат Ахмедияровтың Азаттыққа мәлімдеуінше, сағат үшке белгіленген процесс кешкі жетіден өте басталған. Оның себебін суретшіге ешкім түсіндірмеген. Судья Қанат Иманәлиев Асхат Ахмедияровты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-бабының 1-тармағымен "полицияға бағынбады" деп айыптап... Читать дальше...