Қазақстанға Pfizer вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қарашада Алматыға Pfizer (Comirnaty) компаниясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Жүк құрамына 266 760 доза кірді. Pfizer компаниясымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютор барлығы 4 млн 230 мың доза сатып алды.