Тәуелсіздік күні қарсаңында Президент Жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.