Sars-CoV-2 вирусын жасаушылар анықталды - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазнетте «COVID-19 жасаушылары анықталды» деген ақпарат тарады. Бұл Қазақстандағы жаңа биозертхананың құрылысы туралы баяндайтын жаңалықтар бейнесюжетінен үзінді. Шын мәнінде, бұл жаңалықтың пандемияға ешқандай қатысы жоқ және COVID-19 ауруын тудыратын Sars-CoV-2 вирусының қолдан жасалғанын дәлелдемейді,деп хабарлайды stopfake.kz сайты.