Берік Уәли: ҰҚШҰ елдерінің әскері бір аптаның айналысында қайтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері бір аптаның айналысында елден қайтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.