Азия федерациясы президентінің кубогы: Қазақстандықтар үздік үштікке енді
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Таеквондодан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия федерациясы президентінің кубогында жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.