Украинада қалған қазақстандықтар үшін тағы бір рейс ұйымдастырылады
ЛЬВОВ. ҚазАқпарат – 25 наурызда Катовице қаласынан (Польша) гуманитарлық борттың сапары жоспарланып отыр. Ұшақпен Қазақстан азаматтарынан құралған топты эвакуациялау ескерілген. Бұл туралы Украинадағы Қазақстан Елшілігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.