Үкімет жанындағы комиссиялар саны 70-тен 25-ке қысқартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.