Ақмола облысында соңғы бір аптада 41 адамды кене шақты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сәуір-мамыр айларында кене шағудан 368 адам зардап шекті, оның 153-і - он төрт жасқа дейінгі балалар. Соңғы бір аптада осындай 41 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішсі.