Айдаудан келген Ахмет Байтұрсынұлына өз үйін босатып берген Қасенбек Исатаев кім еді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ахмет Байтұрсынұлының туған өлкесі Торғай өңірі болса, өмірінің соңғы үш жылын Алматы қаласныда өткізген. Сол үш жылдың ішінде Алаш ардақтысы Алматының талай пәтерін сағалап, қызының қолында да тұрған. Айдаудан келген Ахметке Алматыдағы үйін босатып берген Қасенбек Исатаев еді. Байтұрсын әулетімен бірге Алматыдағы Ахмет музей-үйінің құрылуына жылдар бойы атсалысқан, қазір соған жетекшілік етіп отырған ахметтанушы Райхан Имаханбет ҚазАқпарат тілшісіне Алматыдағы Ахметтің ізі қалған ғимараттар туралы мәлімет ұсынды.