Маңғыстауда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілдеп жатыр
Маңғыстау облысының орталығы мен басқа аудандарында жедел жәрдем қызметкерлері үш күннен бері ереуілдеп жатыр. Ереуілге Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Бейнеу және Түпқараған аудандарындағы жедел жәрдем қызметкерлері қосылған. Олар жалақыға үстемақы қосып, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуді және бұл тәртіпті ұжымдық шартқа қосуды талап етеді. Жаңаөзендегі жедел жәрдем станциясы қызметкерлері 10 қыркүйектен бері жұмысты тоқтатқан. Жедел жәрдем жүргізушісі Мұрат Белбаевтың Азаттыққа айтуынша... Читать дальше...