Үкіметте өткен жиында бизнестің өзекті мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің нақты мәселесі бойынша жиын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.