Депутат Артспорт жобасы аясындағы кемшіліктерді айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Артспорт» жобасын жұртшылық жылы қабылдаған болатын және тегін үйірмелер мен секцияларға бару арқылы балалардың дамуына ықпал етті. Алайда, кейіннен сыбайлас жемқорлық қаупі төнетін көптеген фактор анықталып отыр. Сенатор Руслан Рүстемов еліміз Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында осы проблемаларды шұғыл шешудің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.