СҚО-да су тасқыны болған жағдайда 2 мың адам, 1,3 мың техника жұмылдырылады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталды. Қызыл су елді мекендерге қауіп төндірген жағдайда онымен күреске 2 мыңға жуық адам және 1,3 мың шамасында техника жұмылдырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.