Туыстары 15 жыл іздестіріп, Қазақстаннан тапқан қырғыз отбасы еліне оралды
Кейінгі 15 жылда із-түссіз жоғалды деп саналып келген, жуырда Қазақстанның Жамбыл облысынан табылған Қырғызстан азаматтары ерлі-зайыпты Бақыт Рыскелдиев пен оның әйелі Элмира Тоқтасынова 19 қазанға қараған түні Қырғызстанға оралды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне олардың туыстарының бірі Эльмира Рыскелдиева хабарлады. «Қырғызстанның Алматыдағы консулдығына рахмет. Ағам шекарадан өткен уақытта «Қырғызстан» деп айқайлаған сәтте бәріміз жыладық. Енді ол анасымен, туыстарымен бірге болады» дейді Рыскелдиева. Читать дальше...