ҚМА: Риддер ЖЭС-інің бұрынғы басшылары "ақша жымқырды" деген күдікке ілінген
Шығыс Қазақстан облысында Риддер ЖЭС-інің бұрынғы жетекшілерінің үстінен "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалған. Мұны 24 қазанда қаржылық мониториг агенттігі хабарлады. "Сенімін пайдалану және алдау арқылы мемлекетке 4,1 миллиард теңге көлемінде зиян келтірді деген күдікке ілінді", - дейді агентік өкілі Әлібек Әділов. Тергеу кезінде жылу электр орталығы жабдықтарының тозуына және әлденеше рет жылу бермей тоқтап қалғанына "жөндеу жұмыстарына арналған қаржының жүйелі түрде жымқырылғаны себеп болғаны" анықталған. Читать дальше...